USD
USD
USD

Х.Клюге: 2021 жылы пандемия жалғасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамдары Еуропаға тарағанын растады.

Х.Клюге: 2021 жылы пандемия жалғасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Ресейді қосқанда Кәрі құрлықтың 25 елінде тіркелді. Копенгагенде өткен онлайн-брифингте телеарнамыздың сұрағына жауап берген ұйымның Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге осылай мәлімдеді. Ол еуропалық елдерді бұл жөнінде ақпаратпен белсенді түрде бөлісуге шақырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус жөнінде халықаралық санитарлық ережелер бойынша Төтенше комитеті саяхатшылар үшін вакциналау төлқұжаттарын енгізуді қарастырып отыр. Еуропада әлі де індет дендеп тұр. Ханс Клюгенің айтуынша, жаппай вакциналау басталғанымен, биыл COVID-19 дертіне қарсы ұжымдық иммунитет қалыптаспайды.

ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге: "Ұжымдық иммунитетке жету үшін бәлкім әлем халқының 70%-іне вакцина егу керек. Әрине, бұл кезең-кезеңмен жүзеге асатын шара және ол жаңа вакциналардың шығуы секілді көптеген факторларға байланысты болмақ. Коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы тосын жайт емес. Бұл адамға бейімделіп жатқан вирустың қалыпты эволюциясы. Британиялық түрі аурудың асқынуына да, жеңіл өтуіне де әкелмейді. Ол екінші пандемияны туғызбайды және COVID-19 дертіне қарсы күреске әсер етпейді. Бірақ бұл штамның жұғу қабілеті жоғары, осы жағдай алаңдатып отыр. Биыл да пандемия жалғасқан жыл болады, бірақ былтырмен салыстырғанда жағдайды жақсырақ бақылаймыз" деді. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия