Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ХҚКО-да автоқызмет уақытша тоқтатылды

Қазакстанда мамандандырылған ХҚКО-да автоқызмет уақытша тоқтатылды.

ХҚКО-да автоқызмет уақытша тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

 «ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Бүгін мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер сағат 12:00-ге дейін жұмыс істемейді», – делінген хабарламада. Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысындағы ақау 25 мамырда басталғаны хабарланған болатын. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәліметі бойынша, ІІМ ӘПК жүйесінегі ақау сағат 12:00-де басталған. «Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік – автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру – солардың сервистері», – деді олар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА