USD
USD
USD

«Hit beat music» қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

«Hit beat music» деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті бастады.

«Hit beat music» қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйымдастыруға күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталды.

«Hit beat music» (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды. Сонымен қатар, «Hit beat music» (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ.

Салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіледі.Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асады.

Қазіргі уақытта «Hit beat music» ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық