USD
USD
USD

Хирургтер соғым жеп, тіс шұқығыш жұтып қойған науқасты құтқарды

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына іштің қатты ауыруы мен әлсіздігі бар 54 жастағы ер адам емдеуге жатқызылды. Оның айтуынша, ол 4 күн бойы ауырған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Хирургтер соғым жеп, тіс шұқығыш жұтып қойған науқасты құтқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған қарамастан медициналық көмекке жүгінген жоқ. Ақырында, қатты ауырсынудан кейін ер адамды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді.

Хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, лапароскопия бойынша тәжірибелі және білікті маман Ғабиден Рахымжановтың бастамасымен хирург дәрігерлер Бекташ Дүрсінов пен Әлімбек Бекнұр компьютерлік томография жүргізді. Суреттерде келіп түскен науқастың іш қуысында тұрып қалған тіс тазалағыш табылды.

«Бөгде затты алып тастау» әдісі бойынша шұғыл лапароскопиялық операция жасалды. Операция кезінде ұзындығы 4 см және диаметрі 2 мм ұзын жіңішке ағаш таяқша (тіс шұқығыш) алынды. Сәтті жүргізілген операциядан кейін науқас есін жиып, бірнеше күн бұрын қазы жегенін айтты. Ол етпен бірге тіс тазалағыштың өңешке түскенін байқамаған болуы керек.

Қыс мезгілі «соғым» болғандықтан, дәрігерлер ет жеген кезде өте сақ болу керектігін ескертеді. Сондай-ақ айқын ауырсыну белгілері бар болған кезде уақтылы медициналық көмекке жүгіну маңызды.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті