USD
USD
USD

Хирургиялық көмек көрсету стандарты жаңарды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен
хирургиялық (іш, кеуде, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді.

Хирургиялық көмек көрсету стандарты жаңарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұйрықпен бекітілген хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты Қазақстан Республикасында хирургиялық көмекті ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.

Хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі Халық денсаулығы туралы Кодекске сәйкес медициналық көмектің шарттарына, нысандарына сәйкес баяндалған. Үйде, шұғыл және жоспарлы түрде хирургиялық көмек көрсету бөлімдері енгізілген.
Жаңа стандартта штат саны, хирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру көзделген.

Географиялық қолжетімділікті, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды, халықтың медициналық көмекті тұтыну көлемін, жедел араласу қаупінің дәрежесін ескере отырып, стационарлық жағдайларда хирургиялық көмек көрсетуді өңірлендіру көзделген.

Құжатта сарғаю және іш қуысының сұйықтық жинақтарының дренажы кезінде жекелеген ауыр жағдайларда мамандандырылған хирургиялық көмек орталықтарын ұйымдастыру көзделген.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе