USD
USD
USD

Hilton Алматы облысында алғашқы қонақ үйін ашады

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Hilton қонақ үйінің инвестициялық құрылыс жобасының директоры Ли Чжунхунмен кездесті.

Hilton
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тараптар Қазақстанның туристік әлеуетін нығайтуға қатысты бірқатар мәселені талқылады. Сонымен қатар кездесуде Ермек Маржықпаев пен Ли Чжунхун туризм саласындағы инвестициялық жоба бойынша меморандумға қол қойды.

«Меморандумға қол қою тек формалды әрекет емес, бұл - біздің әріптестік қарым-қатынасымызды нығайту және тиімді ынтымақтастық үшін жағдай жасау бағытындағы негізгі қадам. Аталған ынтымақтастық туристік ағынды арттырып, өңірдегі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», – деді министр.

Жиын барысында Е. Маржықпаев Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік ағын артып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, 2023 жылы Қазақстанға келген қытайлық туристер саны 20 есеге өскен. Сондай-ақ былтыр екі ел арасында визасыз режим енгізілген болатын. Азаматтар екі мемлекет аумағына күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге келе алады.

Айта кетейік, бұл – Hilton желісінің Алматы облысындағы алғашқы қонақ үйі. Халықаралық франшизаларды өңірдің курорттық аймақтарына тарту стратегиясы аясында Туризм және спорт министрлігі инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

эвтаназиялау

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

ескерту

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS