USD
USD
USD

Хиджаб киген қыз бірнеше мәрте ұрлық жасаған

Елорда полицейлері бірнеше мәрте ұрлық жасаған қызды Қарағандыда ұстады. Жас қыз Қазақстан аумағында бірқатар ұрлық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Хиджаб киген қыз бірнеше мәрте ұрлық жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 жастағы күдіктіні Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағандыда ұстады. Тамыз айында елорда базарының аумағында болған кезде сатып алушының сөмкесінен 930 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Жәбірленушінің айтуынша, ұрлық алдында ол жеке қажеттіліктері үшін несие алған.

Күдікті айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған азаматшаның елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта ұры қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою