USD
USD
USD

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

Қытайдың Хайнань аралындағы Санья қаласынан Астанаға Air Astana рейсімен ұшуы тиіс 150-ден астам жолаушы елге уақытында орала алмады. Рейстің кешігуіне, компания өкілдерінің хабарлауынша, ұшақтың техникалық ақауы себеп болған.

 Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Жолаушылардың жағдайы туралы Threads әлеуметтік желісінің қолданушылары хабарлады. Олардың айтуынша, рейсті күткендер арасында отызға жуық қарт әйел мен жиырма бала болған. Ұзақ күтуге мәжбүр болған балалар мен егде жастағы адамдар әуежайдағы орындықтарда ұйықтауға мәжбүр болған.

Ал Air Astana компаниясы рейстің кешігуіне қатысты түсініктеме берді. Компания мәліметінше, 4 қарашаға жоспарланған KC584 Санья – Астана чартерлік рейсі ұшақтың жасыл гидравликалық жүйесіндегі қысымның төмендеуіне байланысты кейінге шегерілген. Осылайша, рейс жалпы 27 сағатқа кешіккен.

Ақау анықталған бөлшек ауыстырылған. Әуе компаниясы жолаушыларға трансфер, тамақ және қонақүй ұсынған.

Ұшақ Санья әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 5 қарашада сағат 10:07-де ұшып шыққан. Астанаға сағат 14:45-те жетпек. 

Air Astana жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап