USD
USD
USD

Хасан ісі: Сотталушылардың адвокаты төртінші рет судьяны істен шеттетуді сұрады

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды NEGE тілшісі.

Хасанның соты
Фото: NEGE

Талғар, NEGE. Бүгінгі сот отырысында екінші жәбірленуші Аюпжан Тажиев сотта тек Хасан Қасымбаевтың және басқа да айыпталушылардың қатысуынсыз жауап беретінін айтып, судьяға өтініш білдірген.

Судья Айнагүл Тукубаева бұл өтінішті қанағаттандырып, сотталушылар сот залынан шығарылды. Алайда сотталушылардың адвокаты бұл жағдайды қорғауындағы азаматтардың құқығын шектеу деп мәлімдеп, судья А.Тукубаеваны істен шеттетуді талап етті. Бірақ адвокаттардың өтініші қанағаттандырылмады. Істі ары қарай да судья Айнагүл Тукубаева жүргізеді. Сотталушылардың адвокаты осымен төртінші рет судьяны істен шеттетуді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталған. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский