22 Тамыз 15:17
...

Хасан ісі: Сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспеді

Хасанның соты
Фото: NEGE

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталып жатыр. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақжанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында прокурор Ерлан Құланбаев сотталушы Хасан Қасымбаев пен 5 сотталушыға қатысты айыптау актісін оқыды. Оған екі эпизод бойынша айып тағылып жатыр. Бұл туралы сот залынан NEGE тілшіcі хабарлады.

Хасанның соты
Фото: NEGE

Айыптау актісі оқылып болған соң, судья Айнагүл Тукубаева Хасан Қасымбаев пен өзге де сотталушылардан өздеріне тағылған айыппен келісетінін немесе келіспейтінін сұрады.

Сотталушы Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыппен толық келіспейтінін мәлімдеді. Сотталушы Руслан Алиев ҚР ҚК-нің өзіне тағылған 125-бабын негізсіз санайтынын айтты. Ол судьяға тек 293-бапты («Бұзақылық») мойындайтынын жеткізді. Сотталушы Мадияр Қалымжанов өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады. Ол да «Бұзақылық» бабын мойындады, қалған айыптарды дәлел жоқ, негізсіз деп есептейді. 

Сотталушылар Сайлау Ақжанов, Данияр Асқаров, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков те өздеріне тағылған айыптарды толық мойындамады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыстың 2021 жылдың 17 маусымында жасалғаны анықталды.