USD
USD
USD

Хасан Қасымбаевтың соты аяқталуға жақын

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Хасан Қасымбаев
Фото: NEGE

Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша 2 айға созылған сот тергеуі аяқталып, тараптардың жарыссөзі басталды.

Жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сондай-ақ айыпталушылардан жәбірленуші тарапқа бес миллион теңге моральдық өтемақы өндіруді ұсынды.

Хасан Қасымбаев жарыссөзде өзінің бұл істе кінәсі жоқ екенін жеткізді.

«Мен ешкімді ұрлауға қатыспадым, бұйрық бермедім. Іс-материалдарында бұған дәлел жоқ. Бар болғаны жәбірленушілердің айтқаны. Жәбірленуші деп танылғандарды мен өмірімде көрген де, сөйлескен де емеспін. Олармен жеке ісім де болмаған. Оған зиян келтіретін ниетім де болған жоқ. Бұл іс қоғамда көп талқыланғандықтан, біреуді кінәлі ету керек болды. Менің тағдырым қоғамды тынышталдыру үшін құрбан болмауы тиіс. Маған басқа адамдармен бірге айып тағылған, бірақ мен қылмысқа қатыспадым. Қасымдағы айыпталушылармен бұрын кездеспегенмін, сөйлеспегенмін, ешқандай байланысым болмады. Құрметті сот, мен сізден әділдік сұраймын», – деді Х.Қасымбаев сот жарыссөзінде.

Іс бойынша жәбірленуші Арман Әлімов соттан айыпталушыларды қатаң жазаға тартуды сұрап, жарыссөздегі сөзін қысқа қайырды. Екінші жәбірленуші Аюпжан Тәжиев айыпталушы Х.Қасымбаевқа ешқандай талабы жоқ екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген. Сонымен қатар оған 2016 жылы Аюпжан Тәжиевке қатысты оқиға бойынша айып тағылған.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталған. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу