USD
USD
USD

Хасан Қасымбаевтың соты: Судьяны істен шеттету туралы өтініш қанағаттандырылмады

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Судья Айнагүл Тукубаеваны істен шеттету туралы адвокаттың өтінішхаты қанағаттандырылмады, деп хабарлайды NEGE тілшісі сот залынан.

Хасанның соты
Фото: NEGE

Естеріңізге сала кетейік, айыпталушы Хасан Қасымбаевтың мүддесін қорғайтын адвокат Ерлан Меңдешев судья Айнагүл Тукубаеваға қарсылық білдірген болатын.

«Қорғау тарапы бірнеше рет Ержан Қасымбаевтың қоңырауына қатысты сипаттамалық материалдарды іске қосуды сұрап, өтініш жасаған болатын. Адвокаттың сізге ұсынған құжаттары оның ешқашан ұялы телефон пайдалануға қатысы болмағанын растайды, алайда сіз оларды іске қосудан бас тарттыңыз. Екінші адвокат та бейнежазбаны іске қосуды сұрап, өтініш білдірген еді, алайда сіздің тарапыңыздан ол да қабылданбады. Қазіргі таңда сіз негізсіз жәбірленушілердің жағындасыз. Істі қарауыңыздың объективті еместігіне байланысты сізге қарсылық білдіремін», – деді адвокат Ерлан Меңдешев.

Адвокат Меңдешевтің өтінішхаты қанағаттандырылмады. Судья ары қарай істі өзі жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталып жатыр. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен