USD
USD
USD

Хасан Қасымбаевтың соты: Іс бойынша екінші жәбірленушіден жауап алу кейінге шегерілді

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілерден жауап алу жалғасады, деп хабарлайды NEGE тілшісі сот залынан.

Хасан
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында сотталушылардың адвокаттары екінші рет судья Айнагүл Тукубаеваны істен шеттету туралы өтінішхат жасады. Өтінішхатты судья Хайдар Абдықұлов қарап, адвокаттардың өтінішін қанағаттандырмады. 

Сот отырысында жәбірленуші Арман Әлімовтен жауап алынып, іске қатысты бейнежазба зерделенді. Жәбірленушінің сотта берген жауабын БАҚ беттерінде жариялауға тыйым салынған. Сол себепті оқиғаның мән-жайы айтылмайды.

Іс бойынша Арман Әлімовтен кейін екінші жәбірленуші Аюпжан Тажиевтен жауап алу басталған болатын. Ол сотқа онлайн қосылды. Алайда екінші жәбірленушінің сотқа онлайн қатысуына сотталушы Хасан Қасымбаевтың адвокаты Ерлан Меңдешев қарсылық танытты.

Судья Айнагүл Тукубаева екінші жәбірленуші Аюпжан Тажиевтің бүгінгі сот отырысына белгілі себептерге байланысты келе алмағанын, келесі сот отырысына міндетті түрде шақыртылатынын мәлімдеді.

Сот отырысы жәбірленушінің сот залына келе алмауына байланысты 10 қыркүйекке шегерілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталып жатыр. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен