USD
USD
USD

Хасан Қасымбаевтың соты: Айыпталушылардың адвокаты үшінші рет судьяны істен шеттетуді сұрады

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды NEGE тілшісі.

Хасанның соты
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілерден және куәгерлерден жауап алынуда. Судья Айнагүл Тукубаева жәбірленушілер мен куәгерлердің айғағын баспасөз бетінде жариялауға тыйым салған болатын. Сол себепті оқиғаның мән-жайы белгісіз. Журналистер сот процессін арнайы бөлмеде онлайн қарап отыр.

Сотталушылар Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаровтың адвокаты Айдынғали Табылдиев судья Айнагүл Тукубаеваны істен шеттетуді сұрады.

Адвокат Табылдиевтің өтінішхаты қанағаттандырылмады. Судья ары қарай істі өзі жүргізеді.

Айыпталушылар тарапы осымен үшінші рет судьяны істен шеттету туралы өтінішхат беріп отыр. Осыған дейін Хасан Қасымбаевтың адвокаты Ерлан Меңдешев екі мәрте судья Айнагүл Тукубаеваны істен шеттетуді сұраған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталуда. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен