USD
USD
USD

Хасан Қасымбаевтың анасы мен жұбайы Тоқаевтан көмек сұрады (видео)

Алматы облысының полиция департаменті 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаевты уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын. 

Хасан Қасымбаевтың анасы мен жұбайы
Фото: Коллаж

Алматы, NEGE. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінді.

Бүгін Хасан Қасымбаевтың анасы мен жұбайы видеоүндеу жолдап, тергеу барысында әділдікті талап етті. 

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, менің ұлымның ісін әділетті шешіп беруіңізді сұрап, үндеу жасаймын. Істі өз қарамағыңызға алсаңыз. Баламды жазықсыздан-жазықсыз қаралап отыр. Ешқандай кінәсі жоқ, тергеудің әділ өтуін сұраймын. Жау шабатын болса, Хасан бірінші болып көкірегін тосады», - деді анасы. 

Хасан Қасымбаевтың жұбайының айтуынша, әлеуметтік желіде Хасанға қатысты жалған ақпарат көп. 

 «Ол өзінің шаруашылығын жүргізіп, өзімен-өзі жүрген адам. Кішігірім бетон зауыты бар. Оны танитын адамдарға барыңыздар, оның қандай адам екенін сұраңыздар. Біздің отасқанымызға 15 жыл болды. 3 баланы тәрбиелеп отырмыз», - деді жұбайы.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.