USD
USD
USD

Хасан Қасымбаевтың адвокаттары журналистерді сот залына кіргізуді сұрады

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Хасан
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілерден жауап алу жалғасады.

Кеше судья Айнагүл Тукубаева жәбірленушінің берген айғақтарын БАҚ беттерінде жариялауға тыйым салу туралы шешім шығарған еді, сол себепті журналистер сот залына кіргізілмеді. БАҚ-қа бөлек кабинетте онлайн-трансляция ұйымдастырылған.

Хасан Қасымбаевтың адвокаты Ерлан Меңдешев сот залына журналистерді кіргізуді сұрап, судьяның шешіміне қарсылық білдірді. Сотталушылар да адвокаттың қарсылығын қолдады.

Судья Айнагүл Тукубаева жәбірленуші Арман Әлімовтің сотта берген жауабы әлеуметтік желіде тарап кеткенін және оның куәлардың жауабына әсер ететінін алға тартты.

Сотталушылардың адвокаты судья Айнагүл Тукубаеваны шеттету туралы тағы өтініш білдірді.

Өтінішті қарау үшін сот үзіліс жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталып жатыр. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Қазір оқып жатыр

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай

«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы

бапи

«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы

мұрат әбен