«ХАС» қаржы пирамидасын құрғандар алаяқтық бабымен сотталды
Павлодарда «ХАС» деп аталатын қаржы пирамидасын құру ісі бойынша резонансты сот үкімі шығарылды.
Алматы, NEGE. Сот 2022-2023 жылдар аралығында қаржы пирамидасының басты ұйымдастырушысының қылмыстық топты құрып, оны басқарғанын анықтады. Ол азаматтардың ақшалай қаражатын жоғары табысты инвестиция ретінде тарту арқылы алаяқтықпен айналысқан. Уәде етілген 70%-ға дейінгі пайда көпшілікке тартымды көрініп, көптеген азаматтар сеніп қалған.
Нәтижесінде Астана, Алматы, Павлодар, Екібастұз және басқа да елді мекендерде 376 азамат алаяқтарға 2 миллиард теңгеден астам қаражат тапсырған. Мемлекеттік айыптаушы тарап – прокуратура қылмыстық схеманы ұйымдастырушыға қатаң жаза тағайындауды талап етті.
Сот айыптау тарапының ұстанымын қолдап, қаржы пирамидасының негізін қалаушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық топтың қалған мүшелері де түрлі мерзімдер мен жаза түрлеріне кесілді. Айта кету керек, прокуратура істің әділ үкіммен аяқталуында маңызды рөл атқарды. Ол сотқа ұйымдасқан алаяқтықтың жан-жақты дәлелдерін ұсынды.
Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті