2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Харбин-2025: Қазақстан ұлттық құрамасы қысқы Азия ойындарында қандай спорттық форма киеді?

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың IX Қысқы Азия ойындарына арналған ресми спорттық формасын таныстырды. Ақ Азиада 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді.

Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Алматы, NEGE. Жаңа форма халықаралық стандарттарға сай әзірленіп, ұлттық талаптар толық ескерілді. Негізгі түстер – қою көк пен ашық көк. Бұл түстер тұрақтылықты, тәуелсіздікті және жаңа белестерге ұмтылысты бейнелейді. Ақ түсті элементтер тазалықты және спорттағы әділдік қағидаттарын айқындайды.

Форма
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Дизайн мемлекеттік рәміздермен: елтаңба және тумен толықтырылған.

Сонымен қатар форманың безендірілуінде QAZAQSTAN жазуы, 2025 жылғы IX Қысқы Азия ойындарының логотипі және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің эмблемасы бар.

Форма заманауи технологиялармен жасалған жоғары сапалы материалдардан дайындалған.

Спортшылардың жайлылығы үшін табиғи термореттеу қасиетіне ие маталар қолданылды. Сыртқы киім табиғи мамықпен жылытып, жеңіл әрі жылуды сақтайтын етіп жасалған. Спорттық костюмдерде суық жағдайларда да жылу сақтайтын жоғары технологиялық флис пайдаланылды.

Форма жиынтығына жылы куртка, желден қорғайтын костюм, жилет, спорттық және жаттығу киімдері, футболка, шорты, бас киімдер, спорттық аяқ киім және әртүрлі аксессуарлар кіреді.

Форма
Фото: Туризм және спорт министрлігі

IX Қысқы Азия ойындарына Азияның 32 елінен 1147 спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасы аясында 6 спорт түрі және 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Жаңа спорттық форманың жасалуы демеушілер қолдауының арқасында жүзеге асты.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті