Ханзада Филипп 99 жасында қайтыс болды
II Елизаветаның күйеуі, Филипп ханзада 99 жасында қайтыс болды, деп хабарлады Букингем сарайының баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Ханзада Елизавета патшайым болардан бес жыл бұрын, яғни 1947 жылы отау құрған.
Букингем сарайының мәлімдемесінде: «Ұлы мәртебелі патшайым сүйікті күйеуі, Эдинбург герцогы, ұлы мәртебелі ханзада Филипптің қайтыс болғанын қатты қайғыра отырып, хабарлады», – деп жазады ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. «Жоғары мәртебелі ханзада бүгін таңертең Виндзор сарайында өмірден өтті».
Эдинбург герцогы өткен айда емделуден кейін ауруханадан шыққан болатын. Ханзада Филипп пен патшайымның төрт баласы, сегіз немересі және 10 шөбересі бар.
Олардың бірінші ұлы Уэльс ханзадасы Чарльз 1948 жылы дүниеге келген. Оның әпкесі, ханшайым Энн 1950 жылы, 1960 жылы Йорк герцогы Эндрю ханзада және 1964 жылы Уессекс графы ханзада Эдуард дүниеге келді.
Ханзада Филипп 1921 жылы 10 маусымда Грекияның Корфу аралында дүниеге келген. Оның әкесі Грекия мен Дания ханзадасы Эндрю, I Георгтың кенже ұлы болған.
Ал анасы ханшайым Алиса Виктория патшайымның шөбересі болған.