USD
USD
USD

Хантер Байденге жаңа айып тағылды

АҚШ президентінің ұлы 1,4 млн доллар салық төлемегені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Kazinform .

Хантер Байденге жаңа айып тағылды
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE. Euronews дерегінше, Хантер Байденге жаңа айып тағылды, оның ішінде үш қылмыстық іс пен алты құқықбұзушылық бар. Олардың бәрі салық төлеуге қатысты.

Айыптаулар бойынша, АҚШ президентінің ұлы 2016-2019 жылдары мемлекет қазынасына 1,4 млн доллар қарыз болып қалған.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, 17 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Арнайы прокурор Дэвид Уайсстың сөзінше, Хантер «миллиондаған долларды салықтың орнына ерекше өмір салтына жұмсаған».

Құжатта Байденнің украиналық өндіріс конгломераты директорлар кеңесі мен қытайлық тікелей инвестициялар қорынан тапқан сол жылдардағы табысы аз болмағаны айтылған.

Бұған дейін Президент Джо Байденнің ұлы – Хантерге 2018 жылы қару сатып алу кезінде жалған мәлімет бергені үшін үш эпизод бойынша айып тағылғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова