USD
USD
USD

Хантавирус: Қытайда жаңа вирустан бір адам көз жұмды

Қытайдың Юньнань провинциясында кеміргіштерден тарайтын хантавирустан алғашқы кісі өлім тіркелді.

Хантавирус: Қытайда жаңа вирустан бір адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ер адам чартерлік автобуспен көрші провинцияға бара жатып, орта жолда қайтыс болған. Дәрігерлер қойған диагноз - хантавирус жүрек-өкпе синдромы. Автобустағы қалған 32 адам дереу карантинге жатқызылды, деп жазды «Новое время» басылымы.

Жолаушылар арасында вирус жұқтырғандардың бар-жоғы туралы ақпарат жоқ. Хантавирус та коронавирус тәрізді адамның тыныс алу жолдарын зақымдайды.   Вирустың бұл түрін негізінен кеміргіштер тасмыалдайды. Вирус олардың зәрінде қалады және ауа арқылы беріледі.

Хантавирустың белгілері көптеген тыныс алу органдарының ауруларына ұқсас - бас ауруы, әлсіздік, жөтел, ас қорыту проблемалары және құсу. Хантавирусты емдейтіне вакцина әлі жоқ.

Дегенмен хантавирусты дәл коронавирустай қауіпті емес деп санайтындар бар. Мәселен unian.net порталы «хантавирус адамнан адамға жұқпайды» деп жазды. Осы порталдағы мәліметке қарағанда, хантавирустың анықталғанына кемінде бір ғасыр болған. Америкалық дәрігер Таня Эллиот Қытайда ең көп кездесетінін, жылына 16-дан 100 мыңға дейін сырқат тіркелетінін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

жол апаты

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Жалған хабарлама

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

жол апаты

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

қаржы жымқыру