19 Қараша 12:29
...

Ханкөл ауылындағы «елеске» қатысты тексеріс аяқталды

Фото:

БҚО полицейлері өңір басшысының және полиция департаменті басшысы міндетін атқарушысының тапсырмасы бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстар туралы айтып берді.

Алматы, NEGE. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ханкөл ауылының ондаған тұрғыны арасында сауалнама жүргізген, онда олардың елес көрген-көрмегені сұралған. Фактілер расталмады. Дәлел ретінде тәртіп сақтаушылар видеоролик жариялады. Оған полиция департаментінің ресми өкілі пікір білдірді.

«Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері елес туралы видеоролик таратушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Видео 11 ай бұрын желідегі арналардың бірінде жарияланғаны белгілі болды. Адамдар жергілікті тұрғындардың ешқайсысы елес көрмегенін атап өтті. Біз қауесет таратқандарды анықтау бойынша жұмыс жүргіземіз», – деді Болатбек Белгібеков.

Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің басшысы Роман Дүйсенғалиев өңір тұрғындарын үрейленбеуге шақырды.

«Видеоның Ханкөл ауылына ешқандай қатысы жоқ. Бұл жалған ақпарат. Халық расталмаған мәліметке сенбеуі керек», – деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтқан болатын. Олардың айтуынша, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады. 

Кейін Ауыл әкімі жергілікті имам және ақсақалдармен бірге «қара күштен» құтылу үшін құрбан шалды деген хабар тараған еді. Алайда БҚО Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев «құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес» деген болатын. 

Тегтер: