USD
USD
USD

Ханболат Назарбаев заңсыз салынған ғимаратты бауырына сыйлап жіберген

2024 жылдың 20 ақпанында әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Болат Назарбаевтың пен Майра Құрманғалиеваның ұлы Ханболат Назарбаевқа Астанадағы Тәуелсіздік даңғылындағы сауда ойын-сауық орталығын заңсыз салғаны үшін 103 500 теңге айыппұл салған. 

Ханболат Назарбаев
Фото: АқЖайық

Алматы, NEGE. Ол бұл жерді 2020 жылдың ақпан айында сыйға алып, онда орналасқан қонақ үй кешенін бұзып, орнына құрылысқа рұқсат алмастан және алдын ала ескертусіз сауда үйін салуға кіріскен. 

Сот Болат Назарбаевтың ұлын айыппұлды төлеп қана қоймай, заңсыз салынған ғимаратты бұзуға міндеттеді.

Ханболат Назарбаев шешімге қарсы шығуға тырысады. Ол айыппұл төлеуге ниет білдіріп, бірақ салынған сауда үйін бұзбауға рұқсат беруді сұрады. Қалалық сот оның бұл ұсынысынан бас тартты.

Алайда Ханболат Назарбаевтың нысанды бауыры Данияр Кесікбаевқа бергені белгілі болды. Олардың анасы бір, бірақ әкелері әртүрлі.

«Нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы бұйрық «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті» мемлекеттік мекемесіне орындау үшін жолданды. Департаменттің мәліметінше, Х.Болатұлы бұл мүлікті Д.Кесікбаевқа сыйға тарту актісімен бергені анықталды. Осыған байланысты Әкімшілік сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді», – делінген Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғани Тәжиевтің біздің ресми сауалымызға берген жауабында. 

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

.

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

.

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

.

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Теңізшевройл