USD
USD
USD

Хаменова сот залынан босап шықты

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот үкімі жарияланды деп хабарлайды AtyrauPress.

Хаменова сот залынан босап шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 15 қараша күні Атырау қалалық 2 сотында судья Жұмағали Ташимов облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевке және мердігер мекеме өкілі Адамовтың ісіне қатысты сот үкімін оқыды.  

Сотталушы Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның 2 жас баласының болуына байланысты ҚК-тің 74-бабының 1-бөлігін қолданумен жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.  

Сотталушы Рысқалиевке 7 жыл, Адамовқа 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.  Қазақстан Республикасының Президентіне Хаменованы «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  Осылайша Хаменова сот залынан босады. Ол үкім заңды күшіне енген жағдайда 3 жылдан соң тағайындалған жазасын өтейтін болады. Оның тергеу изоляторында өткен 1 күні, 1,5 күн болып есептеледі. Ал Рысқалиев пен Адамовтың үйқамақтағы мерзімінің 2 күні 1 күнге теңестірілмек.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев