26 Қараша 14:31
...

ХАМАС тағы 13 израильдікті палестиналық 39 тұтқынға айырбастады

Фото:

Израиль 39 палестиналық тұтқынды ХАМАС еркіне қоя берген 13 израильдікке айырбастады.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар төрт Таиланд азаматы босатылды. Бұл туралы Kazinform агенттігі Times of Israel сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бостандыққа шыққандарды қалың жұрт күтіп алды. ХАМАС Израильге қайтарған тұтқындардың ішінде тоғыз жасар Эмили Хэнд де бар. Бүгін ол отбасына оралды.

Жексенбі күні кешке екі жақтан кепілге алынған үшінші топты босату жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Израиль ХАМАС-пен келісім бойынша, кепілге алынған алғашқы 13 израильдіктің босатылуына жауап ретінде 39 палестиналық тұтқынды босатқан болатын.

Өзара тұтқын алмасу — Израиль мен ХАМАС арасындағы төрт күндік бітім аясында болып жатыр.

Тегтер: