USD
USD
USD

ХАМАС кепілге алынғандарды беруді кейінге қалдырды

ХАМАС-тың қарулы күштері Газа секторында тұтқынға алынған екінші топты босатуды Израиль «келісімді орындай бастағанға дейін» кейінге қалдыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform euronews арнасына сілтеме жасап.

ХАМАС кепілге алынғандарды беруді кейінге қалдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Эззедин әл-Кассам бригадалары „Газа секторының солтүстігіне гуманитарлық жүк көліктерінің кіруін“ және палестиналық тұтқындарды босату үшін „таңдау критерийлерін“ сақтауды талап етеді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Израиль билігі кепілге алынғандардың әлі Халықаралық Қызыл Крест комитетіне (ХҚКК) тапсырылмағанын растады.

ХАМАС-тың ресми өкілі кепілге алынғандарды босатудың кешігуіне байланысты «проблемаларды шешуге» күш салып жатқанын айтты.

Катар әлі де дағдарысты шешуге тырысуда және Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім келісімі әзірге күшінде.

Катар Сыртқы істер министрлігінің өкілі бүгін түнде 39 палестиналық азаматтың кепілге алынған 13 израильдік пен 7 шетелдік азаматтың орнына босатылатынын айтты.

Баспасөз хатшысының сөзінше, «кедергілер Катар мен Египеттің арағайындығы арқылы еңсерілді».

Осыдан бірнеше сағат бұрын ХАМАС-тың қарулы күштері Газа секторында тұтқынға алынған екінші топты босатуды Израиль «келісімді орындай бастағанша» кейінге қалдыратынын мәлімдеген.

Еске салайық, бұған дейін Израиль мен ХАМАС екінші алмасу жүргізгені мәлім болған.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай