USD
USD
USD

ХАМАС Израильдің Сдерот қаласына шабуыл жасады

Палестинаның ХАМАС қозғалысы Израильдің Сдерот қаласына шабуыл жасады, деп хабарлады Хабар-24.

ХАМАС Израильдің Сдерот қаласына шабуыл жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзірге нақты қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Еске салайық, сенбі күні ХАМАС Израильге шабуылды бастады. Салдарынан 700-ге жуық адам опат болып, 2 мыңнан астамы жарақаттанған.

Қарымта ретінде Израиль Газа секторындағы нысандарға әуе соққысын жасады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кемінде 413 палестиналық қаза тапқан. Ливиялық «Хезболла» және Палестинаның тағы бір қарулы тобы ХАМАС-қа қолдау көрсетіп, шабуылға кірісті.

Израиль Премьер-Министрі Беньямин Нетаньяху елді "соғыс жағдайында" деп жариялады.

Израильдік БАҚ палестиналық жасақтар елдің оңтүстігіндегі бірнеше қаланы бақылауға алғанын хабарлайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай