USD
USD
USD

Halyk Bank ресейлік миллиардерге тиесілі қонақүйді сатуға қойды

Банк Тула қаласында орналасқан қонақүйді 5,6 млрд теңгеге сатылымға шығарды. Нысан Щёкин ауданында, Ясная Поляна орман шаруашылығы аумағында орналасқан.

Azimut Park Hotel
Фото: halykzalog.kz

Алматы, NEGE. Сайтта жарияланған суреттерге қарағанда, әңгіме Azimut Park Hotel жайында болып отыр. Azimut Hotels қонақүй желісі миллиардер Александр Клячинге тиесілі.

Кешеннің жалпы ауданы – шамамен 8,3 мың шаршы метр. Тағы 2,1 мың шаршы метрге жуық аумақта аяқталмаған нысандар VIP-корпус пен SPA-орталық орналасқан. Қонақүй құрамында бес негізгі корпус, спорт алаңы, жаттығу залы, банкет және конференц-залдар, балалар бөлмелері, мейрамхана, лобби-бар және арқанды жол ойын-сауық паркі бар.

Azimut Park Hotel
Фото: halykzalog.kz

Қонақүй қорында 89 нөмір бар: стандарттан бастап апартаменттер мен люкстерге дейін, оның ішінде джакузимен жабдықталған үш нөмір.

Сату құны шетел валютасының айырбас бағамына байланысты соңғы баға рубльмен келісім сәтінде бекітілетіні көрсетілген. Сонымен қатар қонақүйді несиеге рәсімдеуге болады. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду