USD
USD
USD

«Халқыма алғысым шексіз»: Михаил Шайдоров видеоүндеу жолдады

Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өзін қолдаған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Михаил Шайдоров
Фото: Сали Сабиров

Астана, NEGE. Алдымен спортшы көрсетілген қолдау үшін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағының басшысы Бауыржан Ералыға алғыс айтты.

«Сондай-ақ, осы күрделі маусымда жанымнан табылып, қолдау көрсеткен барлық мамандар мен жаттықтырушыларға шын жүректен алғыс айтқым келеді», – деді спортшы.

Сонымен қатар, Шайдоров трибунада қолдау көрсеткен жанкүйерлерге және әлеуметтік желілер арқылы тілек білдірген азаматтарға ризашылығын білдіріп, олардың қолдауы өзі үшін ерекше қымбат екенін жеткізді.

«Барлық қазақстандықтарға, трибунада болған, экран алдында отырып қолдаған, әлеуметтік желілерде жазбалар қалдырған жанкүйерлерге ерекше рақмет. Көптеген мемдер де болды... Мұның бәрі мен үшін маңызды. Соңғы екі күнде не сезінгенімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Тіпті дұрыс ұйықтай да алмадым. Алғысым шексіз», – деді чемпион.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Ал әнші Димаш Құдайберген спортшыға автокөлік сыйлады.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан