USD
USD
USD

Халықтың 20 пайызы кітап оқымайды

Қазақстандықтардың 20 пайызы кітап оқымайды. Бұл туралы Social Development Center қоғамдық қоры хабарлады. 

Халықтың 20 пайызы кітап оқымайды
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE. «Биыл наурыз айында Picodi.com компаниясы Еуропа, Азия, Солтүстік және оңтүстік Америка, Африка, Австралия елдеріндегі 7800 респондент арасында кітап сатып алуға байланысты сауалнама жүргізген. Оның ішінде Қазақстан да бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың 21 пайызы кітапқа құмар еместігін айтқан», – делінген.

Сондай-ақ, Фридриха Эберт атындағы қордың 2018 жылы жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысына сүйенсек, қазақстандық жастардың 78,6%-ы кітап оқымайды.  Мұнымен қоса, Қазақстанның кітап нарығында ресейлік өнімнің үлесі 65-90%-ға жеткен. Есесіне, отандық баспалардың өнімі  10-35% аралығында ғана. Ал егер көркем әдебиет туралы айтсақ, ресейлік баспалардың өнімі – 90%.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy