Халықтың рубльге деген сұранысы күрт өсті
2026 жылдың наурызында айырбастау пунктілерінде Ресей рублін нетто-сату көлемі 7,4 млрд теңгеге жетті. Бұл ақпанмен салыстырғанда 7 есе көп, деп жазады Бірінші кредиттік бюро.
Астана, NEGE. Бұған дейін 14 ай бойы адамдар рубльді көбіне сатып алмай, керісінше сатып келген. Ал наурызда жағдай өзгеріп, рубльді сатып алу көрсеткіші сату көрсеткішінен асып түсті.
Сонымен қатар, наурызда рубль теңгеге шаққанда әлсіреп, 6,10 теңге шамасында қалыптасты (–5,4%). Бұл – соңғы бір жылдағы ең төмен көрсеткіш.
Басқа валюталарға келсек, наурызда долларға сұраныс бір ай ішінде шамамен 22%-ға төмендеді. Ал өткен жылмен салыстырғанда, керісінше өсім байқалады: номиналды түрде 44%-ға, нақтысында 30%-ға артқан. Наурызда доллар бағамы ақпанға қарағанда сәл төмендеп, орта есеппен 489,31 теңгені құрады (–1,3%).
Еуроға келсек, оған деген сұраныс 12 млрд теңгеге жетіп, бір айда 14%-ға өсті. Ал жылдық көрсеткіш айтарлықтай өзгермеген. Наурызда еуроның орташа бағамы 566,32 теңге болып, 3,5%-ға арзандады.
Қазір оқып жатыр
Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді
Азаматтар зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруге қарсы
Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді
Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді