2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Қазақстанда өтіп жатқан республикалық референдумға азаматтардың қатысуы туралы аралық мәліметтер жарияланды.

Референдум
Фото: t.me/Janakonstituciya

Алматы, NEGE. Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ел бойынша дауыс беруге қатысқан азаматтардың үлесі 51,93 пайыз болды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, өңірлердегі дауыс беру белсенділігі әртүрлі деңгейде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында байқалып, 64,63 пайызға жетті. Сонымен қатар Абай облысында – 61,04%, Ақтөбе облысында – 61,37%, Ақмола облысында – 60,05%, Шығыс Қазақстан облысында – 59,60%, Жетісу облысында – 59,82%, Түркістан облысында – 58,03% деңгейінде болды.

Ал Қарағанды облысында 57,32%, Алматы облысында 56,13%, Атырау облысында 56,54%, Қостанай облысында 56,51%, Маңғыстау облысында 53,14%, Павлодар облысында 53,31%, Солтүстік Қазақстан облысында 52,37%, Ұлытау облысында 52,06%, Жамбыл облысында 51,13%, Батыс Қазақстан облысында 49,97% көрсеткіш тіркелді.

Қалалар бойынша Астана тұрғындарының 40,68 пайызы, Шымкент қаласында 58,24 пайызы дауыс беруге қатысса, Алматы қаласында бұл көрсеткіш 21,68 пайыз болды.

Жалпы алғанда, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 пайызына тең.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысса, референдум өтті деп саналады.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті