USD
USD
USD

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасы бойынша қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті.

Құрылыс
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді. Ал комиссия төрағасы болып жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бекітілді. Оның орынбасары президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болады. 

Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді. Соның ішінде Qazaqstan телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі Нұрбек Бекбауов, «24.kz» телеарнасындағы «Народная стройка» бағдарламасының журналисі Вера Захарчук, YouTube-тегі «Другие места» жобасының авторы және жүргізушісі Ренат Ташқынбаев, «24.kz» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі Риат Шони бар.

Сондай-ақ комиссия құрамына Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, спортшы Ислам Байрамуков, Құрылтай депутаты Марат Қожаев, Құрылтай депутаты Наталья Годунова,  «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко және басқа да депутаттар мен қоамдық бірлестік өкілдері кірген.

Мемлекеттік Комиссия «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алады. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысына жүргізілген мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсандық және жылдық есеп ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова