USD
USD
USD

Халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды

Халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды, деп хабарлады Ақорда. 

 Халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан қазақстандықтар марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн марапатталды

IІ дәрежелі «Достық» орденімен: 1. Ким Гера, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Азия зерттеулер институтының директоры; 2. Ким Константин Станиславович, «Коре ильбо» республикалық газетінің бас редакторы.

«Құрмет» орденімен: 1. Бугинас Бронислав Казисович, «Lituanica» литвалықтар ҚБ мүшесі; 2. Микаелян Наринэ Гамлетовна, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары.

«Шапағат» медалімен: 1. Кан Алина Александровна, «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілінің оқытушысы; 2. Останькович Дмитрий Валерьевич, «Радима» беларусь мәдени орталығы» ҚБ төрағасы; 3. Тумгоев Юсуп Лом-Алиевич, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ЗТБ мүшесі.

Сонымен қатар Костенко атындағы шахтаның тау-кен жұмысшысы Даниель Дильге, блогер Иван Червинскийге және Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Оборон-Туар Малгожатаға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе