USD
USD
USD

Халыққа психологиялық көмек ұсынатын жедел штаб құрылды

Топан су астында қалған өңірлерде халыққа медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

психологиялық көмек
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Уразалиева мәлім етті.

«Су тасқыны кезеңінде психологиялық көмек көрсету ұйымдастырылды. Осы мақсатта жедел штаб құрылып, онда 30 психолог тұрғындарға көмегін беріп жатыр» - деді Әйгерім Уразалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің айтуынша, жүкті әйелдер мен балалардың жағдайы да ерекше назарда.

«Өткен тәулікте Атырау облысында Құлсары қаласынан перзентханадан 12 әйел, оның ішінде 8 перзентхана мен 5 жүкті әйел толық мерзімде медициналық ұйымдарға эвакуацияланды. 39-40 апта мерзіміндегі жүкті әйелдердің бірі жедел медициналық жәрдем көлігінде тасымалдау кезінде босанған. Салмағы 3610 г, бойы 55 см қыз дүниеге келді. Қазіргі уақытта босанған әйел мен бала Бейнеу аудандық ауруханасында, олардың жағдайы қанағаттанарлық», - дейді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері барлығы 84 жүкті әйел эвакуацияланды. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Әскери адам, сарбаз

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ақбаян Мұқанғалиева

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

.

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Мерей базары