USD
USD
USD

Халықаралық театр күні онлайн форматта атап өтілмек

27 наурыз Халықаралық театр институтының шешімімен 1962 жылдан бастап Театр күні ретінде тойланып келеді. Сахна саңлақтары үшін бүгінгі күн ерекше маңызға ие. Бірақ бұл жолы кез келген театр ұжымы індетке байланысты кәсіби мерекені көрерменсіз өткізбек. 

Халықаралық театр күні онлайн форматта атап өтілмек
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Халықаралық театр күніне орай «Астана Опера» Дж.Пуччинидің әйгілі «Турандот» операсын #Bizbirgemiz жобасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған YouTube платформасында көрсетеді. Айта кетейік, өнер ордалары  бүгінгі таңда карантиндік шараларды қатаң ұстануда. Театр басшылығы барлық спектакль, концертті кейінге қалдыру туралы шешім қабылдап, оның орнына көрермендер үшін онлайн көрсетілімдерді ұйымдастырды. Ал Карло Феличе театры 21 наурыз күні өзінің streamingcarlofelice.com сайтында «Астана Опера» балет труппасының 2019 жылғы 11 қаңтарда гастрольдік бағдарлама аясында итальяндық сахнада ұсынған «Аққу көлі» балеттік спектаклін көрсетті. Биыл елордалық ұжым да өзінің жетінші кәсіби мерекесін осылайша онлайн форматта атап өтеді.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы