USD
USD
USD

Халықаралық шахмат федерациясының басшысы құрмет көрсеткені үшін Президентке алғыс айтты

Халықаралық шахмат федерациясының басшысы Аркадий Дворкович құрмет көрсеткені үшін Президентке алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда. 

Халықаралық шахмат федерациясының басшысы құрмет көрсеткені үшін Президентке алғыс айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Біздің соңғы кездесуімізден бері 7 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Сіздің жан-жақты қолдауыңызбен Қазақстанда бес әлем чемпионатын өткіздік. Шахмат спорты Қазақстанда қаншалықты танымал екеніне куәміз. Цифрлар таңғалдырады. Әрі ол келешекте арта түседі. Мен бұған сенімдімін. Өйткені мемлекеттік пен демеушілер тарапынан көрсетілетін қолдау әрқашан жақсы нәтиже береді, – деді ФИДЕ президенті.

Аркадий Дворковичтің айтуынша, әлем чемпионатының аясында көптеген қосымша жарыстар өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның әйелдер құрамасының әлем құрамасына қарсы ойыны, балалар турнирлері, әлемнің жетекші шахматшыларының қатысуымен шеберлік сағаттары мен бірреттік ойын сеанстары ұйымдастырылды.

Сондай-ақ ол биыл жазда Қазақстанда алғаш рет мектептер арасында әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жарысқа кемінде 80 елдің өкілі қатыспақ. Қытай гроссмейстрі Дин Лижэнь осы матчқа шақырту алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

– Сізбен кездесу – біз үшін зор мәртебе. Осы турнирге қатысып, жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Ойыннан керемет ләззат алдым, – деді ол.

Өз кезегінде гроссмейстер Ян Непомнящий Қазақстанда шахматқа қызығушылық жоғары екеніне назар аударды.

– Матч ұйымдастырушыларына, еліңізге алғыс айтамын. Сіздің еліңізде шахматқа деген қызығушылық ұдайы артып келе жатқанын көріп отырмын. Федерацияның жаңа басшылығымен дұрыс бағытта дамып жатырсыздар, – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай