USD
USD
USD

Халықаралық олимпиадада алтын иеленген ақтөбелік оқушыға 4,5 миллион теңге сыйақы берілмек

Ақтөбеде НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Санжар Хамиев географиядан өткен IGeO-2022 халықаралық олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  "Диапазон" басылымы.

Халықаралық олимпиадада алтын иеленген ақтөбелік оқушыға 4,5 миллион теңге сыйақы берілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осымен қазақстандық оқушылар екінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов президенттің тапсырмасы бойынша Санжарға 4,5 миллион теңге сыйақы және еліміздің кез келген университетіне ҰБТ тапсырмай түсуге мүмкіндік берілетінін мәлімдеді. 

Олимпиада Парижде онлайн өтіп, әлемнің 54 елінен 216 жас географтың басын қосты. Қатысушылар жазбаша және мультимедиялық тесттер мен тапсырмалар бойынша сайысқа түсті.

Санжардың айтуынша, география – оның сүйікті пәні, ал олимпиада оның білімін көрсетуге мүмкіндік болған. Оның жеңіске жетуіне былтырғы олимпиада жеңімпазы Рустам Валеевтің көмегі зор болыпты.

«Мен тоғызыншы сыныптан бастап тынбай оқып, ең болмағанда бір рет IGeO-ға қатысуды армандадым. Бас тартқым келген сәттер болды. Нәтижесін көргенде, алғашында сенбедім», – дейді оқушы.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу