USD
USD
USD

Халықаралық Олимпиада ойындардың жаңа ұраны бекітілді

Токиода өткен Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында бірауыздан Олимпиада ойындарының жаңа ұраны бекітілді.

Халықаралық Олимпиада ойындардың жаңа ұраны бекітілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Олимпиада ойындардың сайтында жазылған. Ендігі уақытта Олимпиада ойындарында «Жылдамырақ, биік, күштірек - бірге», - деп ұрандалады. «Ұйымшылдық – спорт арқылы әлемді жақсарта түсудегі біздің негізгі миссиямыз. Жылдам болу үшін, жоғары биік шығдарды бағындыру үшін және мықты болу үшін біз бірге болуымыз керек», - деді Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.

Олимпиаданың қазіргі ұраны «Жылдамырақ, биік, күштірек» 1894 жылы алғашқы олимпиада конгресінің шешімімен бекітілді. 1896 жылы Афинада алғаш қазіргі заман олимпиада ойындары өтті. ХОК басшысы Томас Бах «Ұйымшылдық» сөзіне ерекше тоқталып өтті. Ұрандағы «Бірге» сөзі ол ұйымшылдықты білдіреді. Айта кетейік, XXXII жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде – 8 тамыз аралығында Жапония астанасы Токиода өтеді. Қазақстанның құрама командасы 27 спорт түрінен 97 лицензияны қанжығалады. Және 16 шілде күні ел намысын қорғайтын спортшылар Жапонияға аттанды.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай