USD
USD
USD

Халықаралық іздеудегі «Nur-AvtoKz» ЖШС директорының орынбасары ұсталды

 Арзан көлік әкеп беремін деп 280 адамның ақшасын жоқ қылған күдіктіге елордалық полицейлер былтыр іздеу салған болатын,  деп Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Халықаралық іздеудегі «Nur-AvtoKz» ЖШС директорының орынбасары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың қыркүйегінен полицияға 280 тұрғын шағым түсірген. Компания басшылығы олардың ақшалай қаражаты мен автокөліктерін алаяқтық жолмен иеленген. «Компания басшылығы нарықтағыдан арзан бағамен 45 жұмыс күні ішінде автокөлік әкеліп береміз деп шарт жасасқаны анықталды. Ақшалай қаражатты сатып алушылар ЖШС-ның кассасына төлеген. Клиенттерге келген ірі көлемдегі материалдық залал 3 млрд теңгеден асады», – делінген хабарламада. Елордалық полиция департаменті алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. «Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтық жасады деген айып тағылған 35 жастағы ЖШС директоры 2021 жылдың қазанынан тергеу органдарынан қашып, оған іздеу салынған болатын. Оған қатысты тергеу сотының шешімімен «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. Ұсталған күдікті қамауға алынып, Ақтау қаласындағы уақытша изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті