USD
USD
USD

Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның үш азаматы Астанада ұсталды

Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның үш азаматы Астанада ұсталды
Фото: NEGE.kz

Ресей Федерациясында іздеуде жүрген 20 жастағы жігіт 2022 жылы Мәскеудегі сауда үйінің бірінде ұрлық жасаған.

Сондай-ақ шекараны заңсыз кесіп өткен 36 жастағы және 2020 жылы алаяқтық жасады деп айыпталған 43 жастағы ер адам анықталды.

Барлық ұсталғандар Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сондай-ақ, елордалық полицейлер өткен жылы Дүкенұлының бойындағы гараж жанында бейтаныс ер адаммен спирттік ішімдік ішіп отырып, оны пышақтап кеткен 45 жастағы ер адамды тапты.

Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, 26-28 сәуір аралығында Астана қаласының полиция департаменті «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасын өткізді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе