USD
USD
USD

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қазақстанда ұсталды

Батыс Қазақстан облысында республикалық «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында бес қылмыскер ұсталды.

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қазақстанда ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, 15-19 ақпан аралығында өткізілген аталмыш іс-шара кезінде қолға түскен 5 қылмыскердің біреуі халықаралық іздеуде жүрген болып шықты.

«Оралда ауыр қылмыс жасап, соттан бой тасалаған 35 жастағы өзбекстандық азамат ұсталды. Сондай-ақ облыста заңсыз жүрген 15 шетелдік ел аумағынан шығарылды», – деді Б.Белгібеков.

Полицияның жедел топтары облыс аумағында жүрген мыңнан астам шетелдік азаматты тексерді.

Соның нәтижесінде елде жүріп-тұру мерзімін бұзған 119 адам, шетелдіктің келуіне байланысты құжат жасамаған 96 облыс тұрғыны және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 5 жұмыс беруші анықталып, бәрі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты