USD
USD
USD

Халықаралық іздеуде жүрген ер адам шекарада ұсталды

2023 жылғы 28 ақпанда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің «Сортөбе» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен Мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған халықаралық іздеудегі ҚР азаматын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК. 

Халықаралық іздеуде жүрген ер адам шекарада ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шекара қызметінің басшылығы заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен өжеттілігі мен шеберлігі үшін ерекшеленген шекарашыларды марапаттау сұрағын қарастыруда.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 наурызда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері «Айша бибі» өткізу бекетінде де Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін іздеудегі ҚР азаматын ұстады.

Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana