USD
USD
USD

Халықаралық іздеу салынған «мерген» Алматыда ұсталды

  Жамбылдық полицейлер Таразда дәмханада оқ атып, халықаралық іздеу салынған күдіктіні іздеуге 1,5 ай жұмсады.

Халықаралық іздеу салынған «мерген» Алматыда ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еске салайық, қайғылы оқиға 25 ақпан күні кешкісін Тараз қаласының орталығындағы дәмханалардың бірінде болған еді. Онда жас жігіттер өзара атысқан. Оқиға орнына жедел полиция жіберілді. Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 сәуірде полицейлер екі тұрғынға оқ атқан күдіктіні ұстады. «Анықталғандай, 36 жастағы Тараз қаласының тұрғынына ҚР ҚК 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның қайда екені анықталып, Алматы қаласында полиция қызметкерлері оны ұстады», – деді ведомствоның баспасөз қызметінен. Күдікті кінәсін толық мойындап, Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов