USD
USD
USD

Халықаралық әуе рейстердің саны қысқарады

Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты ахуалы нашар елдерге әуе рейстерін қысқартады.

Халықаралық әуе рейстердің саны қысқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Комиссияның бүгінгі шешіміне сәйкес, ел өңірлеріндегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі. Бұдан бөлек, 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР азаматтары), соның ішінде екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өтеді.

Мәлім етілгендей, шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін коронавирусқа ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.

Қазір оқып жатыр

«Барселонадан» төрт гол өткізіп алған Покатиловтың ойыны қалай бағаланды?

Стас Покатилов

«Лукойлдың» Қазақстандағы активтері америкалық миллиардерге сатылмақ

Лукойл

Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Қазақмыс

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Роман Скляр