USD
USD
USD

Халықаралық армия ойындары: Қазақстан үшінші орын алды

Қазақстан құрамасы Халықаралық армия ойындарында төрт алтын, бір күміс медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық армия ойындары: Қазақстан үшінші орын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылуы өтті.

Шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен қазақстандық делегация қатысты.

Ойындардың бейресми командалық есебінде Қазақстан құрамасы Ресей мен Өзбекстан елдерінен кейінгі үшінші орынды иеленді.

Атап айтсақ, Қазақстан командасы Жамбыл облысында өткен «Артиллериядан оқ ату шеберлері» байқауында алтын медаль алды. Әскери қызметшілеріміз Қарағанды облысында «Тактикалық мерген» байқауында да бірінші орын алды. Сондай-ақ үздік нәтиже Ақмола облысының «Меридиан» сайысында, Арменияда өткен «Бейбітшілік жауынгері» сайысында тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт