USD
USD
USD

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізіліп жатыр

Әлеуметтік желіде халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамзаның елге жеткізіліп жатқаны түсірілген суреттер тарады. Бұл туралы kozachkov offside Telegram арнасы хабарлады. 

Қайсар Қамза
Фото: t.me/kozachkow

Астана, NEGE. Суреттер Вьетнамның Камрань әуежайында түсірілген. Онда халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамзаның елге қайтарылып бара жатқаны байқалады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол Қазақстанға Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қызметкерінің алып жүруімен жеткізілуде.

Қайсар Қамза 2026 жылдың қаңтарында халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, Instagram желісінде 2 миллионнан астам, ал жабық Telegram арнасында 400 мыңнан астам жазылушысы бар блогер «Pin-Up» брендіне қатысы бар заңсыз онлайн-казиноны жарнамалап, пайдаланушыларды рулетка және өзге де тыйым салынған құмар ойындар ұсынылған сайттарға бағыттаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, заңсыз жарнамадан түскен табыс ретінде блогердің криптовалюталық әмиянынан шамамен 200 мың АҚШ доллары анықталған. Қылмыстық схема әшкереленгеннен кейін Қайсар Қамза Оңтүстік-Шығыс Азияға кеткен. Кейінірек ол Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде Вьетнамда ұсталды.

Айта кетейік, осыған дейін «Pin-Up» ісі бойынша Украинаның азаматтары Дмитри Дружинскы мен Марина Левкович-Гинзбургке халықаралық іздеу жарияланған еді. Тергеу оларды Қазақстандағы заңсыз қызметті ұйымдастырды деп күдіктенеді. Сондай-ақ тергеу материалдарында букмекерлік компания мен онлайн-казиноның түпкілікті бенефициарлары ретінде Ресей азаматы Дмитрий Пунин мен Украина азаматы Марина Ильина көрсетілген.

Ресми органдар әзірге Қайсар Қамзаның Қазақстанға экстрадицияланғаны туралы ақпаратты жария түрде растаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский