USD
USD
USD

Халықаралық Олимпиада комитетін алғаш рет әйел президент басқарады

Бұл қызметке Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри сайланды.

Хапықаралық олимпиада комитеті
Фото: Sportbox

Алматы, NEGE. Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Ол ұйым тарихындағы алғашқы әйел және алғашқы африкалық басшы атанды.

144-сессияда өткен құпия дауыс беруде Ковентри 97 дауыстың 49-ын жинап, ұйымды 2013 жылдан бері басқарған Томас Бахтың орнына келді. Билік 23 маусым – Олимпиада күніне орай ресми түрде ауысады. Осыдан кейін Бах құрметті президент мәртебесін алады.

Ковентридің алғашқы басты сынағы – 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпиада ойындары болады.

«Бұл – керемет сәт. Мен бала күнімде осындай биікке жетемін деп ешқашан ойламаған едім. Бұл – мен үшін үлкен құрмет және зор жауапкершілік. Сенімдеріңізді ақтау үшін бар күшімді саламын!», – деді Ковентри жеңісі туралы.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров