USD
USD
USD

Халықаралық ғылыми жарыстарда жеңімпаз атанған мектеп оқушыларына ақшалай сыйлық беріледі

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге мәдениет және білім беру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасына депутаттар бастамашы болды.

Ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң жобасы аясында халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы төлем қарастырылады. Бұрын мұндай төлемдерді тек халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ғана алатын.

Бұл норма дарынды балалар мен олардың мұғалімдерін қолдауға бағытталған. Оның қажеттілігі жайлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қазанда мәслихат депутаттарының форумында айтқан болатын. Осы санаттағы оқушыларға төленетін ең жоғары төлем 1500 АЕК немесе 6 миллион теңге шамасында болуы мүмкін.

Сонымен қатар түзетулерде мектеп жасындағы балаларға мәдени іс-шараларға қатысу үшін берілетін «Ақылман картасы» жобасын енгізу қарастырылған. Мектеп жасындағы балаларға абонемент жергілікті өкілді органдардың шешімімен беріледі.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран