USD
USD
USD

Халықаралық әуе рейсінің жолаушысы діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз тасымалдағаны үшін жазаланды

Халықаралық әуе рейсінің 22 жастағы жолаушысына діни мазмұндағы кітаптардың 35 данасын заңсыз әкелгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әбу-Даби – Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру кезінде қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Атырау қаласының 22 жастағы тұрғынын анықтады.

Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтан діни мазмұндағы кітаптардың 35 данасы табылып, тәркіленді.

Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген діни әдебиеттерді әкелуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы